Сайлау науқанының алдында қоғамдық пікірді зерттеп, сауалнама жүргізумен 5 ұйым айналысатын болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Құжаттарын өткізіп, тіркеліп үлгерген орталықтар бірнеше әдіспен халықтың пікірін жинайды. Мәселен, сауалнаманы бетпе-бет сұхбат арқылы немесе тікелей хабарласу я болмаса онлайн түрде жүргізеді. Осы тұста айта кету керек, БАҚ өкілдері немесе онлайн-платформалар атқарылған жұмыстың нәтижесін жариялағанда зерттеуге қатысты барлық ақпаратты көрсетуге міндетті. Яғни ұйымның атауы, қатысушылар саны мен ақпарат жинау тәсілі сынды мәліметтер нақты болуы шарт.