Жолаушылар назарына! Енді І топтағы мүгедектігі бар азаматтар пойыз билетін онлайн рәсімдей алады. Яғни бұрынғыдай теміржол кассасына барып, тиісті анықтамасын көрсетудің қажеті жоқ. Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, билет сатып алатын сервиске арнайы тетік қосылыпты. Енді жүйе мүгедектігі бар азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Осылайша, үйден шықпай-ақ, қажет бағытқа билетті сатып алуға болады.
І топтағы мүгедектігі бар азаматтар пойыз билетін онлайн рәсімдей алады
І топтағы мүгедектігі бар азаматтар пойыз билетін онлайн рәсімдей алады.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар