Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Конституция — зайырлы қоғамның басты бағдары

Сарапшылар жаңа Конституцияда цифрлық даму мен жеке деректерді қорғауға басымдық берілгенін айтады.

Жаңа Конституция — заманауи, дер кезінде қабылданған басты құжат. Өйткені негізгі заңда заман ағымы, уақыт тынысы, жаңашылдық сезіледі дейді сарапшылар. Әлемдік үдерістердің инновацияға, цифрлық дамуға, ішкі деректердің таралмауына басымдық берілгені құжатта айқын көрініс тапқан.

ӘЛИЯ ҚАНАТОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

1 шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Онда жеке деректерді қорғауға қатысты арнайы бап қарастырылған. Бұл да киберқауіпсіздіктің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Бұл бағыттарды меңгеру өте маңызды. Яғни, киберқауіпсіздіктің негізгі дағдыларын, цифрлық ортада пайдаланушы ретінде қағидаларды білу қажет. Ең бастысы — заң талаптарын, этикалық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті.

← Барлық жаңалықтар