Мазмұнға өту
· 13 қаралым

100 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Алматының жоғарғы бөлігінде тұратын 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ақсай өзенінде сүзгі станциясы бар жап-жаңа су тарту нысаны іске қосылды. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, бұл қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалардың бірі. Мұнда тәулігіне 22 мың текше метр су тазартылады. Енді Наурызбай ауданындағы Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар және Шұғыла шағын аудандарының және Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс пен Қырғауылды ауылдарының тұрғындары тіршілік нәрінен тарықпайтын болады.

← Барлық жаңалықтар