Сол Анкараға жай ғана ауа жұту үшін енді күнде ұшып баруға болады.
Көлік министрлігі түрік астанасына елорда мен Алматыдан күн сайын ұшақ қатынайтынын хабарлады.
Мысалы, бұған дейін аптасына екі рейс қана көкке көтерілетін.
Енді тамыздан бастап AJET әуе компаниясы Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша ұшатын лайнерлердің санын жетіге дейін арттырмақ.
Мамандардың айтуынша, бұл екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты нығайтады.
Маржан Нүсіпбек