Енді жер телімін заңдастыру тек онлайн форматта жүзеге асады.
Елімізде жер учаскесіне мемлекеттік акт беру тәртібі өзгерді. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сай, бұл қызмет бұдан былай Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілмейді. Азаматтар үйден шықпай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы өтініш жолдай алады. Құжат дайын болған кезде мемлекеттік акт пайдаланушының eGov.kz-тегі жеке кабинетіне жіберіледі.
Мамандардың сөзінше, қызметтің толық цифрлық форматқа көшуіне халықтың электронды сервистерді белсенді қолдануы себеп болған. Дегенмен интернетке қосыла алмайтын немесе онлайн өтініш беруге дағдыланбаған азаматтар үшін балама нұсқа бар. Олар ХҚКО-лардағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарына барып, арнайы бұрыштарда электрондық сервистердің көмегімен мемлекеттік актіні өз бетінше рәсімдей алады. Ол жерде кеңесшілер бағыт-бағдар береді.
Үсен Астана