Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 56 қаралым

Су саласы қызметкерлерінің саны артты

Су саласында жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бұл инфрақұрылымдық ауқымды жобаларды іске асырудың нәтижесі. Су ресурстары министрлігі барлық өңірде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірнеше ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Соның аясында 975 тұрақты және 1900-ге тарта уақытша жұмыс орны пайда болған.

Мамандардың айтуынша, бұл өңірлердегі, әсіресе ауылдағы халықтың тұрмысын жақсартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар су шаруашылығын дамыту салаға жаңа білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір үш мыңға тарта студент осы мамандықты меңгеріп жатыр екен.

АНЕЛЬ ЖАҚАЙЫМ, ҚР АШМ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒИМАРАТТАРЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Еске салсақ, 2024 жылы бекітілген су саласын дамыту кешенді жоспарына сәйкес 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 су қоймасын реконструкциялау және 14500 шақырымды жаңғырту көзделген. Қазіргі таңда 3 жаңа су қоймасының жұмыстары басталды. Түркістан облысында 2 су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар министрлік тағы да 2 су қоймасын салуға арналған жоба құжатын әзірлеуді аяқтады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар