Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 57 қаралым

Арнайы жасақ қызметкері жас жігітті құтқарып қалды

Алакөлде арнайы жасақ инспекторы тынысы тоқтаған жас жігітке алғашқы көмек көрсетті.

Алакөлде арнайы жасақ инспекторы тынысы тоқтаған адамды аман алып қалды. Демалыс аумағында күзетте жүрген аға инспектор Асланбек Әбділдинов жағдайы күрт нашарлап, ес-түссіз құлап қалған жас жігітті көргенде көмекке ұмтылыпты. Бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дер кезінде жасалған кәсіби әрекеттің арқасында науқастың беті бері қараған. Содан кейін жігітті бүйірінен жатқызып, дәрігерлер келгенге дейін оның жағдайын қадағалап отырған. Ал инспектордың әріптестері жедел жәрдем көлігін алдынан қарсы алып, оқиға орнына баратын ең қысқа жолды көрсетіпті. Қазіргі уақытта жас жігіт медицина мамандарының бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

← Барлық жаңалықтар