Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Елордада 140-қа жуық мектеп салынады

2035 жылға дейін елордада 140-қа жуық мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, білім беру жүйесін дамыту кешенді тәсілді талап етеді. Сол себепті де қазір заманауи мектептерді салумен қатар, педагог мамандарын оқытуға да ерекше көңіл бөлінуде.

Ал жаңа оқу жылында 12 білім ордасының құрылысын бітіру жоспарланып отыр екен.

Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары бас қалада жаңадан 44 нысан бой көтеріп, қолданысқа беріліпті. Нәтижесінде орта білім ордаларына түсетін салмақ азайған.

Жанар Арғынова

← Барлық жаңалықтар