Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Вокзалдарды жаңғырту кестеден қалып келеді

Абай облысында үш бірдей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары кестеден кешігіп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров жұмыс сапарымен Семей және Аягөз қалаларына барып, нысандардың жай-күйін тексерді.

Мердігер ұйымдарға құрылыс қарқынын үдетіп, бір апта ішінде олқылықтардың орнын толтыру міндеті жүктелді. Ол үшін жұмысшылар санын көбейтіп, екі ауысыммен еңбек ету керек. Ақтоғай вокзалын жаңғыртуға қатысты да дәл осындай талап қойылды.

Ал вокзалдар қыркүйек айында пайдалануға берілуі тиіс.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар