Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Қазақстан мен Қытай арасында рейстер көбейеді

Қазақстан мен Қытай әуе рейстерінің санын аптасына 124-тен 152-ге дейін көбейтеді.

Мұндай келісімге Бейжіңдегі келіссөздерде екі елдің авиациялық билігі қол жеткізді.

Енді Қазақстаннан Қытайдың 11 ірі қаласына, соның ішінде Чунцинге ұшуға болады.

Сондай-ақ тараптар қытайлық әуе компанияларының Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады.

Үсен Астана

 

← Барлық жаңалықтар