Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Айнала өртеніп жатыр

«Семей орманынан» тағы да өрт шықты. Қызыл жалынды сөндіруге авиация тартылды. Тілсіз жау таңғы сағат ондар шамасында Қамыше орманшылығында басталған. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің жеті қызметкері, Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жұмысшысы мен техникасы, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің тікұшақтары жұмылдырылған. Тілсіз жаудан Степногор қаласы тұрғындарының да тынышы қашты. Тек бір тәулікте Ақмола облысында оншақты өрт ошағы тіркелген. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері түгел жұмылып, өртті сөндірген. Ал адам аяғы жетпейтін қиын аумақтарға тікұшақтар жіберілген. Соның көмегімен нағыз өрт ошақтарына 38 тонна су төгіліпті. Мамандар далалықта өрт тұтануына найзағай себеп болуы мүмкін деген болжам айтты. Қазір елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

← Барлық жаңалықтар