Алматы метросындағы сәтсіз қалжыңның соңы қамаумен аяқталды.
«Райымбек» станциясында 22 жастағы жігіт «сөмкемде қауіпті зат бар» деп, күзетшілердің зәре-құтын қашырған. Станцияға бірден полиция жасағы шақырылып, тінту жүргізілді. Алайда ешқандай қауіпті зат табылмаған.
Бірақ заң бәріне ортақ. Әкімшілік сот талай адамды өре түрегелтіп, жұрттың берекесін алған жігітті бес тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Тәртіп сақшылары мұндай жалған ақпарат үшін жауапкершілік қатаң екенін ескертеді.