Мазмұнға өту
· 26 қаралым

Жас қыз құдыққа құлап кетті

Жарым түнде құдыққа құлап кетті. Талдықорғанда оқыс жағдайға тап болған 14 жастағы қызды құтқарушылар 4,5 метр тереңнен алып шықты. Оқиға апалы-сіңілілі қыздар түнде мысық қуалап, ойнап жүргенде болыпты. Әпкесінің ашық-шашық жатқан құдыққа күмп ете түскенін көрген жеткіншек сол маңнан өтіп бара жатқандар мен көршілерінен көмек сұраған. Әйтеуір араларында біреуі полицияға қоңырау шалып, дереу жеткен олар арқан тастап, аман-есен шығарып алған. Қайта құдай оңдап, жасөспірім ешқандай жарақат алмапты. Тәртіп сақшылары түнде баласын бейсауыт жіберген ата-анасына ескерту жасады. Ал құдықты ашық қалдырған мекемеге шара қолданылады.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар