Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Жаңа Конституция – дала заңдары мен заманауи құқықтың негізі

Жаңа Конституция – дала заңдарының жалғасы және заманауи құқықтың негізі. Бүгін елордада заңгерлер мен құқықтанушылар Ата заңды жүзеге асыру жолындағы басты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Вице-президент, Құрылтай және Халық кеңесі сияқты жаңа конституциялық институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесін құру тетіктеріне назар аударылды. Сарапшылар жаңа институттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі мен өкілеттіктеріне тоқталып, олардың құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

МАРАТ БАШИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Біздің Ата Заңда жазылған. Мыңжылдық тарих ішінде қазақтың дала құқықтары негізге кіргізілген, біздің принциптерде бар. Өйткені далада ешқашан өлім жазасын пайдаланған жоқ. Адам құқықтарын бірінші орынға қойып отырған деп, соны да айтып кетуге болады. Ал енді оны әкеліп, бірге байланыстырып, Ата Заңмен Ұлт қауіпсіздік мәселелері, тәуелсіздігіміз, суверенитетіміз бірінші орынға шығып отыр.

← Барлық жаңалықтар