Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Пойызда байланыс үзілмейтін болады

Көлік министрлігі жауаптыларға жыл соңына дейін пойыздарды интернетпен толық қамтуды тапсырды.

Енді пойызға мінсек те байланыс үзілмейтін болады. Ми далада келе жатсаңыз, ғаламторды емін-еркін пайдаланып отыратын күн алыс емес.

Көлік министрлігі жауаптыларға жыл соңына дейін пойыздарды интернетпен толық қамтуды тапсырды. Қазірдің өзінде спутниктік интернет Қызылорда–Павлодар, Жезқазған–Астана, Астана–Семей, Алматы–Достық және Қызылорда–Көкшетау бағыттарында жұмыс істеп тұр. Желіге қосылу үшін пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өту жеткілікті. Осыдан кейін WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін жіберуге болады. Ал әлеуметтік желілерді, бейнесервистерді және басқа да ресурстарды толық пайдалану үшін ақылы тарифті қосу қажет.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар