Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Науқастардың өмірін жақсартатын құрылғы

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына швейцариялық құрылғы жеткізілді.

Алматыда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылды.

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына миды импульстік ынталандыру технологиясымен жұмыс істейтін швейцариялық құрылғы жеткізілді. Бұл — Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда қолданылатын алғашқы осындай аппарат.

СЕБАСТЬЯН МЮЛЛЕР, ӨҢІРЛІК САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР:

Бұл әдіс миға ультрақысқа акустикалық импульстар арқылы әсер етуге негізделген және ешқандай хирургиялық араласуды қажет етпейді. Құрылғы науқастың магниттік-резонанстық томографиясының (МРТ) деректеріне негізделген 3D-навигация жүйесімен жабдықталған. Соның арқасында дәрігер мидың қажетті бөлігіне дәл әсер етіп, ынталандырудың тереңдігі мен аумағын нақты бақылай алады. Бұл технология бірнеше жылдан бері Еуропа клиникаларында Альцгеймер дертіне шалдыққан науқастарды емдеу және оңалту мақсатында қолданылып келеді.

КОНСТАНТИН ЛИ, НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Альцгеймер — әлеуметтік маңызы өте жоғары дерт. Бұл аурудан тек науқастың өзі ғана емес, оның отбасы, жақындары мен айналасындағы адамдар да зардап шегеді. Әрине, бұл құрылғыны барлық мәселені шешетін ғажайып құрал деуге болмайды. Дегенмен, егер ол науқастар мен олардың жақындарының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік берсе, бұл — үлкен жетістік.

Шетелдік мамандар қазақстандық дәрігерлерге бірнеше күн бойы жаңа жүйемен жұмыс істеуді үйретіп, ем-шаралар жасайды. Одан кейін бұл технология клиникалық тәжірибеге енгізіледі.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар