Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

250 мың адам жұмысқа тұрды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмысқа орналасқандардың 96 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа тұрған.

Елімізде жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның 96 мыңнан астамы — тұрақты жұмысқа тұрғандар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 мыңнан астам адамға көп. Министрліктегілер екі қолға бір күрек тапқандардың саны артқанын еңбек нарығын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстың арқасы деп отыр. Enbek.kz электрондық еңбек биржасы жетілдіріліп, сонымен қатар нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлауға ден қойған. Қазіргі таңда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайыз, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар