Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Бурабайда туристер көл ортасында қалып қойды

Бурабайда арқаны кеңге салып демалып жүрген 7 адам көлдің қақ ортасында қалып қойды. Олардың арасында емізулі сәби де болған. Көкшенің көркем табиғатына әбден көз тойдырғысы келген туристер қайыққа мініп, серуенге шыққан екен. Қас қылғанда күн райы күрт бұзылып, долы жел көтеріліп, жауын жауып, әп-сәтте толқын тұрған. Жағадан шамамен бір шақырымдай ұзап кеткен олар кері орала алмай әбден сасқан. Абырой болғанда, қауіпті дер кезінде байқаған құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, бәрін аман-есен алып шықты. Сондай-ақ дәл сол сәтте Щучье көлінде де балық аулап жүрген азамат кері қайта алмай қалған екен. Ол да құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында дін аман құтқарылды.

← Барлық жаңалықтар