Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Ел аспанында жаңа жер серігі пайда болады

Еліміздің аспанында жаңа отандық спутник пайда болады. Үкімет ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңгеден аса қаржы құймақ. KazSat-3R деп аталатын жер серігі заманауи технологиялар мен цифрландыру дәуірінде еліміздің стратегиялық қауіпсіздігі мен байланыс сапасын жаңа деңгейге көтеретін басты құралға айналуы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған жобаны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті. Үкіметтің мәліметінше, жаңа спутник қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастырады. Өйткені оның пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады екен. Жаңа жер серігі еліміздің әр түкпірінде байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

ДОСЖАН МҰСАЛИЕВ, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметіне 2 млн-нан астам абонент қосылған. KazSat-3R жобасын жүзеге асыру қолданыстағы спутниктік байланыс және телерадио хабарларын тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, шағын елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге, ақпараттық қауіпсіздіктің деңгейін көтеруге және еліміздің технологиялық егемендігін нығайтуға мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар