Кеше Астанаға бір айда түсетін жаңбырдың үштен бір бөлігі жауған. Қала әкімдігі жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта 11,4 миллиметр жауын құйғанын хабарлады. Бұл әр шаршы метр жерге 11 литр су төгілгенмен бірдей екен. Соның салдарынан кәріз жүйелері тез толып, жиналған судың ағуы бәсеңдеген көрінеді. Мұндайда коммуналдық қызмет қарап жатпай, қарқынды жұмысқа кірісіпті. Ал жалпы соңғы екі күнде елордаға 39 миллиметр жауын-шашын жауыпты. Бұл бір айлық норманың шамамен 70 пайызы деген сөз.