Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Грузияда тығылып жүрген жерінде ұсталды

Халықаралық қылмыстық топтың мүшесі болған Қазақстан азаматы Грузиядан елімізге жеткізілді. Ол сыбайластарымен бірге Алматы облысының аумағында аса ірі көлемде есірткі өндірісін ұйымдастырған екен. Ал ол жерде өндірілген синтетикалық есірткіні жан-жаққа таратып, қыруар пайдаға кенеліпті. Тергеу барысында қаскөйлердің заңсыз жолмен екі жарым миллиард теңге тапқаны анықталыпты. Ал ол қаржының біраз бөлігін жылжымайтын мүлік пен бизнес объектілерін және көліктер сатып алып, заңдастырған. Қазіргі таңда бұл мүліктер бұғатталды. Қылмыскерлердің бәрі ұсталып, сотталғанымен, осы біреуі ғана ізін жасырып үлгерген екен. Енді оған да тықыр таянды.

ЕРЛАН ЖАНПЕЙІСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда тұлға тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

← Барлық жаңалықтар