Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Перзентханалар жаппай тексеріледі

Еліміздегі барлық перзентханада инфекциялық бақылау күшейтіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі 15 тамызға дейін республика аумағындағы 70-ке жуық медициналық мекемені түгін қалдырмай тексермек. Мұндағы мақсат – олардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қаншалықты сақталып жатқанына көз жеткізіп, ана мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету. Сала басшысы Ақмарал Әлназарованың пікірінше, жұқпалы аурулардың таралу жағдайларын зерделеу әдістерін қайта қарастырған жөн. Бұдан бөлек, аймақтардағы емдеу мекемелерінің қажетті қорғаныш құралдарымен және заманауи құрылғылармен толық қамтылуын қатаң назарда ұстау маңызды.

Жанар Арғынова

← Барлық жаңалықтар