Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Жер сілкінісі туралы ерте хабарлайтын жүйе

Алматыда жер сілкінісі туралы ерте хабарлайтын жүйе қарқынды түрде күшейтіліп жатыр.

Мегаполисте қазірдің өзінде 35 сейсмостанция салынған, ал жыл соңына дейін тағы бесеуінің құрылысы аяқталмақ. Жаңа станциялар жерасты дүмпулерін әлдеқайда жылдам тіркеп, мәліметтерді жедел хабарлау жүйесіне лезде жібереді. Бұдан бөлек, қалада «Mass Alert» атты шұғыл хабарлау жүйесі де енгізілген. Мұның ерекшелігі сол, төтенше жағдай кезінде желіге салмақ түсіп, интернет жылдамдығы баяулаған кездің өзінде де хабарламаны абоненттерге бірден жеткізе алады. Сондай-ақ ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру жұмыстары да үздіксіз жалғасуда.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар