Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Екінің бірі алтын өндіретін болған ба?

Алтынды заңсыз өндіріп, қоршаған ортаға орасан залал келтірді. Шығыс Қазақстан облысында табиғи байлыққа қол салған тағы бір қылмыстық топ тұтылды. Оңай олжа іздегендер Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында ешқандай рұқсаттары болмаса да қымбат металл өндірісін дөңгелеткен. Салдарынан топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, өзен арнасы өзгеріп кетіпті. Білгенін істегендердің арасында шетелдіктер де бар екен.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы 30 гектар жер учаскесінде ауыр арнайы техника мен өндірістік кешендерді пайдалану арқылы жүргізілген. Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары тартылған. Тінту барысында алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

← Барлық жаңалықтар