Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Оралдың аспанынан күл жауды

Оралды түнек басып, аспаннан күл жауды. Қала іргесіндегі «Хан тоғайы» аумағынан өрт шығып, тұрғындарды әбігерге салып қойды. Тілсіз жау кеше түсте Жайық пен Шаған өзенін бөліп тұрған ну орманда тұтанған. Қураған шөп пен ағаш бұтақтарына әп-сәтте жайылып үлгеріпті. Будақтаған қою түтін шаһардың орталық бөлігін, Зашаған кенті мен осы бағыттағы екі көпірді көлегейлеп тастаған. Аптап ыстық пен екпінді жел қызыл жалынмен күресті қиындатқан. Сол себепті өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды. Әуеден 68 тонна су бүркілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының түйісуінен пайда болған ұшқынның салдарынан шыққан болуы мүмкін.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Хан тоғайындағы өрт сағат 21:00 шамасында сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 100-ден астам адам, 20-дан астам техника және «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Оқиға орнында тілсіз жауды толық жою үшін тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

← Барлық жаңалықтар