Алматы облысындағы Үлкен Алматы көліне баратын жол мен туристік бағыттар адам танымастай өзгеріп, жаңартылады.
Оған 516 миллион теңге бөлініп отыр. Жоба аясында автожол жөнделіп, аспалы жол станциясы салынбақ, сосын ұзындығы 5 шақырымнан асатын жаяу жүргіншілер соқпағы абаттандырылады. Маршрут бойында заманауи шолу алаңдары, демалыс орындары, сапалы навигация және фотоаймақтар пайда болады. Жауаптылар «барлық құрылыс жұмыстары қатаң экологиялық талаптарға сай жүргізіліп, таулы аймақтың бірегей табиғи ландшафты мен экожүйесі толық сақталады» деп уәде берді.