Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Жол апатынан 5 адам қаза тапты

Тасжолда тағы бес ғұмыр үзілді. Бірнеше отбасын қайғыға көмген жол апаты Ақтөбе облысында болды. Хромтау қаласы маңында да жеңіл көлік пен «Газель» соқтығысып, үш кенші қаза тапты. Марқұмдар Дөңкен байыту комбинатында жұмыс істеген екен. Олар жеке көлігімен жүрген.

АРДАНА САЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрметті жүргізушілер, аталған жол учаскесінің жөндеу және салу жұмыстарына байланысты, ауа райының ыстығына байланысты жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлау сұралады. Сонымен қатар, жол жүру кезінде жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпай, асығыстық танытпаңыздар. Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс тергелуде.

Ал Ақмола облысында болған жол апатынан екі адам мерт болды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Көкшетауға бара жатқан жеңіл тұлпардың жүргізушісі жол жөндеп жатқан жүк көлігімен соқтығысқан екен.

← Барлық жаңалықтар