Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Баспанадан әркімнің бар таласы

«Алматы жастары» бағдарламасына түскен өтініштерді іріктеу нәтижесі жарияланды.

1300-ден аса үміткердің құжаттары кері қайтарылыпты. Себебі көбінің меншікті үйі бола тұра жобаға қатысқысы келген. Ал біразының соңғы бес жыл ішінде атында баспана болғаны анықталыпты. Талапқа сай келмегендердің ішінде соңғы 6 айда міндетті зейнетақы жарналары аударылмағандар да бар екен. Ал жалпы маусымның 1-і мен 15-і аралығында бес мың жас құжат тапсырыпты. Енді іріктеуден өткендері 20 миллион теңгенің пәтерін тауып, төлем қабілетін растауы керек. Биыл бағдарлама аясында 1 650 тұрғын үй несиесі беріледі.

Гүлнәзия Амирханова

← Барлық жаңалықтар