Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Ауыр жүк көліктері бақылауға алынады

40 градус ыстыққа асфальт та шыдайтын емес. Сондықтан ел аумағында кейбір жүк көліктерінің жүріп-тұруына шектеу енгізілді. Шілденің 10-ы мен тамыздың 10-ы аралығында көлемі ірі және салмағы ауыр жүкті тасымалдайтындар бақылауда болады. Яғни сынап бағаны +25 градустан жоғары болса, олар көлігін уақытша қаңтарып, сапарын кеш қарайғанда жалғастырады. Мұның бәрі жол жабындысын сақтау үшін жасалып отыр. Бұдан бөлек, көлік инспекторлары жедел іс-шаралар кезінде Ақтөбе облысының аумағында автокөліктерді тексеріп, 80-ге жуық заң бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде жүкті шамадан тыс тиегендер, температура тәртібін сақтамағандар бар.

ӘЛИХАН ЛҰҚПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шектеулер ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде енгізіледі. Бұл аталған шектеулер халықаралық және жолаушылар тасымалына, сондай-ақ тез бұзылатын, қауіпті және гуманитарлық жүктерді тасымалдауға, төтенше жағдайларды жоюға, әскери тасымалдарға тартылған көліктерге қолданылмайды.

← Барлық жаңалықтар