Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Қайтарылған ақшаға емхана салынып жатыр

Жемқорлардан қайтқан қаражат кәдеге жарап жатыр. Қызылордада мемлекет меншігіне өткен активтердің есебінен жаңа емхана салынатын болды. Құрылысы мен ішін жабдықтауға 6,5 млрд теңге бөлінді. Медициналық мекеме теміржолдың маңында тұратын азаматтарға қызмет көрсетеді. Осы күні жұмыс істеп тұрған нысан осыдан 60 жыл бұрын тұрғызылыпты. Ал жаңадан бой көтеретін мекеме бір ауысымда 400-дей науқасты қабылдайтын болады. Онда 300-ге жуық дәрігер маман жұмыс істемек. Қазіргі уақытта емхананың бірінші қабатының кірпішін қалау жұмыстары басталған. Құрылыс осы жылдың соңына дейін аяқталады.

АЛМАС ӘБДІҒАППАРҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл медициналық нысан өз кезегінде заманауи техникамен толық қамтамасыз етілетін болады. Оның ішінде 128 кескінді КТ, төрт заманауи УДЗ аппараты, рентген аппараты болады.

← Барлық жаңалықтар