Астанада «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысын таныстырды. Брифингте ұйым өкілдері байқаушыларды оқыту, өңірлік штабтардың жұмысы және дауыс беру күні атқарылатын міндеттер туралы айтты. Бағдарлама сайлау заңнамасын меңгеруге, учаскелердегі жұмыс тәртібін сақтауға бағытталған. Коалиция барлық өңірде қолданылатын ортақ жұмыс стандартын енгізуді жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, алдағы сайлауды 10 мың қоғамдық байқаушы бақылайды.
ТӨЛЕГЕН КҮНӘДІЛОВ, «ДАУЫС» ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Елімізде тұңғыш рет Құрылтай институты енгізілгелі тұр. Байқаушылар коалициясы ретінде бұл үлкен науқаннан бейжай қалмай, осы науқанда қоғамдық бақылау тетіктерін қолдана тұра бақылаушыларымызды дайындап, заң аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқау үдерісін жүргізгелі жатырмыз.