Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

Жемқорларға ешқандай аяушылық болмайды

Жемқорларға лауазымы да, елге сіңірген еңбегі де, тіпті, ықпалды «қамқоршылары» да көмектесе алмайды. Президент заңнан аттап, парақорлыққа жол бергендерге ешқандай рақымшылық жасалмайтынын қадап айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев кінәлілер заң алдында жауап беруі тиіс деді. Өйткені мұндай іс-әрекет халықтың сеніміне селкеу түсіріп, ел дамуына кедергі келтіреді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Заң және Тәртіп» — жай ғана мемлекеттік саясаттың бір қағидаты емес. Ол — менің Әділетті Қазақстан құру жолындағы асқақ мұратымның арқауы, өзегі десем болады. Елімізде жүріп жатқан жан-жақты саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар әділдік, отаншылдық, толеранттылық, еңбекқорлық, шығармашылық, зайырлылық және прогресс құндылықтарымен астасып, біте қайнасып жатыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы келер жылы Қазақстанның тарихында бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар жүзеге асатынын жеткізді. «Халықтық құрылыс» аясында әр өңірде балабақшадан бастап, мектеп, аурухана мен спорт кешендері сынды ел азаматтарына аса қажет нысандар бой көтермек. Әлеуметтік кешендермен қатар, атом электр станциясы да салынады. Осылайша, жаңадан жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлер үшін де мол мүмкіндік тумақ.

← Барлық жаңалықтар