ТМД елдері парламентаралық байланысты нығайтып, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге дайын. Бұл туралы Түрікменстанның «Аваза» туристік аймағында өткен Парламентаралық Ассамблеяның 61-пленарлық отырысында айтылды. Жиынға Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Қазақстан делегациясы қатысты. Кездесуде еліміздегі саяси реформалар мен экономикалық даму, ТМД-ның 2035 жылға дейінгі стратегиясы, көлік-транзит және көші-қон мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану жайы да сөз болды. Отырыс соңында бірқатар модельдік заңдар мен ұсыныстар қабылданды.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі таңда ТМД біздің мемлекеттеріміздің арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жан-жақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету үшін тұрақты әрі біріктіруші платформа ретінде қызмет етуде. Сонымен қатар, парламенттік бірлік ТМД ішіндегі интеграциялық процестерге ерекше құқықтық тұрақтылық беріп, Достастықтың институционалдық негізін нығайтуда маңызды рөл атқарады.