Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Мектеп пәндерінің атауы өзгерді

Қазақстан мектептерінде бірқатар пәннің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар қосылды. Оқу бағдарламасының жаңаруына технологиялардың қарыштап, жасанды интеллекттің өмірдің барлық саласына кеңінен енуі негіз болып отыр. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, 1-4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің атауы енді «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5-11-сыныптардағы «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» болып ауысты. Олардың мазмұны да жаңаша. Қазір оқушылар жасанды интеллект құралдарын күнделікті өмірде қолданып жүр. Ендігі міндет — оларды бұл технологияны жай ғана пайдалануға емес, саналы, тиімді және жауапты қолдануға үйрету, дейді министрлік өкілі. Бұдан бөлек, ол жаңа пәндерге де тоқталды.

ПЕРНЕГҮЛ ТАУБАЙ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰБА ОРТА БІЛІМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бастауыш сынып оқушылары «Медиасауаттылық және ЖИ» бөлімі аясындағы 17 оқу мақсаты бойынша жасанды интеллектімен күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалдар арқылы танысады. 5-9-сынып оқушылары «Компьютерлік ойлау және бағдарламалау», «Денсаулық, қауіпсіздік және ЖИ» бөлімдері аясындағы 14 оқу мақсаты бойынша жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді қолдануды, киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды үйренеді.

Бұл жаңашылдық оқушылардың цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауды меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқу бағдарламалары таяу арада белгіленген тәртіппен бекітілмек.

← Барлық жаңалықтар