Арнайы күштер Қонаевқа жиналды. Ол жақта «Nomad» курсының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров қатысып, оқу базасының дайындығын тексерді. Бағдарлама 8,5 айға есептелген. «Сынақ» және «Жетілу» деген екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар атыс даярлығын, әскери топографияны, тактиканы шыңдауға арналған оқу-жаттығудан өтеді. Мұның барлығы арнайы күш сапындағы әскерилердің кез келген жағдайда жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын пысықтау үшін ұйымдастырылып отыр.