Құрылтай сайлауы — жаңа конституциялық реформаның маңызды кезеңі. Заң шығарушы органның қайтадан құрылуы – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық өміріне де бірқатар өзгеріс әкелмек. Сарапшылардың пікірінше, жаңа жүйе мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен жауапкершілігін арттырады. Ал жаңадан жасақталатын құрам Қазақстанның өзге елдермен парламентаралық байланысын нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
АРМАН ЕШМҰРАТОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Ерекшелігіне де басқа елдермен салыстырғанда бір палаталық Парламент, оны түгел қалыптастыратын мына партиялар. Және саяси партиялар тек қана бүкіл Қазақстан бір үлкен округ болып, сонда түгел саяси партиялар осы бәсекеге шығып, сол 23 тамызда сайланады. Кім көп дауыс алады, сол енді жеңеді деп айтуға болады. Енді осы бір палаталық жүйені қарасақ, ол енді Скандинавиялық елдерде көруге болады. Еуропада Португалияда бар. Азияда мысалы Қытайды айтайық.