Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Түркістанда жаңа тәртіп қабылданды

Енді көшеде тәртіп бұзғандарды видеоға түсірсеңіз, төлемақы аласыз. Түркістан облысында заң бұзушыларды анықтауға көмектескендерге 43 мың теңге беріледі. Жаңа тәртіп бойынша сыйақы алу үшін азамат құқық бұзушылық туралы хабарламаны фото немесе бейнематериалмен бірге жолдап, жеке өтініш беруі қажет. Өтініште ЖСН, жеке куәлік деректері және банк шоты көрсетілуі тиіс. Алайда төлем әрбір жіберілген бейнежазба үшін автоматты түрде берілмейді. Алдымен құқық бұзушылық анықталып, қаулы заңды күшіне енгеннен кейін ғана сыйақы тағайындау мәселесі қаралады. Облыс әкімдігінің қаулысы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 тамызда тіркелген. Енді он күннің ішінде күшіне енбек. Мұндай өзгеріс басқа қалада алғаш рет енгізілген еді. Енді рухани астанада да қолға алынбақ.

← Барлық жаңалықтар