Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Грант иегерлерінің тізімі белгілі болды

Бүгін ата-аналар ұл-қызымен мақтанып, түлектердің көңілі шаттанып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлерінің тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер жоғары оқу орнында тегін білім алмақ. Ал оның 60 пайызы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінген. Сондай-ақ өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де ерекше назарда. «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам абитуриент Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады. Ал оқуға түскен-түспегеніңізді Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасынан біле аласыз. Электрондық куәліктер үш жұмыс күні ішінде grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

← Барлық жаңалықтар