Қазақстандық оқушыға ерекше тарту. Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанада өткен Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жүлдегерлеріне сый-сияпат көрсететінін мәлімдеді. 2026 жылғы 3 тамызда елордада шымылдығын түрген зияткерлер додасына 106 елден 500 қатысушы жиналды. Осы сандарды ескерген кәсіпкер үздіктерге 106 500 доллардан астам, яғни 49 778 781 теңге сомаға жүлде тағайындапты. Сондай-ақ сайыскерлерге қолдау ретінде 240 дана эксклюзивті «Интеллигенс Капс» кубогын табыстаймын деді. Биылғы байрақты бәсекеде күміс медаль жеңіп алған Даужан Бекетовке осы сыйлықтың иегері атанбақ. Айта кетейік, бір апта бойы мектеп оқушылары машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және жасанды интеллекттің басқа да бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды шешіп, білім беру, ғылыми әрі мәдени бағдарламаларға қатысқан еді.