Атырауда алғаш рет есту қабілеті бұзылған балаларға ота жасалды. Облыстық балалар ауруханасында өңір бойынша тұңғыш халықаралық мастер-класс өтіп жатыр. Оның аясында шетелдік және отандық мамандар кохлеарлық имплантаттау операциясының заманауи әдістерін көрсетіп, аймақ дәрігерлерін оқытуда. Аталған ота құлағының мүкістігі бар немесе мүлде естімейтін жеткіншектерге жасалады. Бұған дейін жергілікті халық мұндай күрделі медициналық көмек алу үшін Астана, Алматы немесе Түркістанға баруға мәжбүр болатын.
ҚАЙСАР АБДАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бүгінгі мастер-классты тағы да жалғастыру ойымызда бар. Қазір біз екі балаға жасағалы отырмыз. Екі және үш жастағы екі балаға жасаймыз. Сонымен қатар тағы төрт баланы операцияға дайындап жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін төрт балаға мастер-класс шеңберінде ота жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Яғни, жергілікті ЛОР дәрігерлеріміз осы операцияны толық меңгергенге дейін бірнеше рет осы мастер-классты жалғастыру жоспарымызда бар.
Рамазан Палмағанбет