Кәмпит жеп қақалған баланы періштесі қақты. Оқиға елордадағы қоғамдық көліктердің бірінде болған. Автобуста арбада отырған сәби кенеттен қақалып, тұншыға бастайды. Жағдайды байқап қалған жолаушылардың бірі дереу көмекке ұмтылған. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашу тәсілдерін жасапты. Көп ұзамай бүлдіршін де еркін демала бастаған. Осындай жауапты сәтте кәсіби дағдысы мен тәжірибесін көрсете білген азамат та белгілі болды. Ол қалалық полиция департаментінің арнайы жасақ қызметкері болып шықты.