Астанада жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Ауыр соққының салдарынан жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оқыс оқиға болған алаңды Қазақстан футбол федерациясы жеке спорт мектебіне жалға берген екен. Тексеріс жүргізіп жатыр.
СКОТТ МАНН, ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
Кеше Астанадағы жаттығу алаңында жазатайым оқиға болды. Қақпа құлап, жас бала зардап шекті. Оқиғаға байланысты Қазақстан футбол федерациясы бірден жан-жақты тексеру бастады. Қазір федерация құқықтық және қауіпсіздік талаптарына сай құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері кейінірек жарияланады.