Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Салт-дәстүрлер цифрлық форматқа көшеді

Бұдан былай, сүйінші немесе көрімдік беру үшін қолма-қол ақша іздеп, әуре болмайсыз. «Aitu» қосымшасында қаржы аударатын арнайы қызмет қолжетімді болады. Бүгін Үкімет отырысында BTS Digital компаниясының басшысы Мақсат Нұриденұлы осындай жаңалығын жеткізді. Аталған мессенджерде халқымыздың әдет-ғұрпы мен азаматтардың күнделікті өміріне қатысты функциялар бар, деді ол. Тағы бір бағыт – «цифрлық шежіре». Яғни, пайдаланушылар өз отбасының тарихын, ата-бабасына дейін түгендеп, цифрлық форматта сақтай алады.

МАҚСАТ НҰРИДЕНҰЛЫ, BTS DIGITAL ӨКІЛІ:

Бүгінде Қазақстанда 8 миллионнан аса отбасы бар және олардың әрқайсысының дерлік туыстарымен ортақ чаты жұмыс істейді. Мұндай чаттарда пайдаланушылар фотосуреттерді сақтай алады, маңызды отбасылық оқиғалар күнтізбесін жасап, еске салулар алып, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра алады. Қазақ тілін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қосымшада қазақ және орыс тілдері арасында автоматты аударма жасау мүмкіндігі қолжетімді болады. Бұл маңызды. Өйткені республикада 100-ден аса этнос өкілдері тұрады.

← Барлық жаңалықтар