Еуропаның топ клубында доп теуіп жүрген Дастан Сәтбаев стилін өзгертті. Австралиялық барбер Зарун Мохаммед «Челсидің» жұлдызды футболшыларының жаңа шаш үлгілерін көрсетті. Олардың арасында біздің жерлесіміз де бар. Шаштараз жазбасында Дастаннан бөлек, Коул Палмер, Марк Палестра, Аарон Ансельминоның жаңа образдарын көпшілікке ұсынды. Айта кетейін, маусым алдындағы дайындық аясында қазақстандық футболшы ақсүйектердің қатысуымен өткен төрт матчтың үшеуінде алаңға шығып, «Вестерн Сиднейге» қарсы ойынның 6-минутында гол соққан еді. 15 тамызда Сатпаев «Стэмфорд Бриджда» алғаш рет алаңға шығу мүмкін. Бұл күні Челси осы жаздағы соңғы жолдастық кездесуін испандық «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді.
Бердібек Қарынбай