Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Қазақстандық балуан рекорд жаңартты

Шымкенттің тұрғыны кезекті рекордын жаңартты! Пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы Артық Досалиев салмағы 17 тонна 800 килограмм болатын жолаушылар автобусын тек тісімен 20 метрге дейін сүйреді.  Бұған дейін, 2025 жылдың мамырында отандық спортшы салмағы 120 тонналық теміржол құрамын орнынан қозғалтып, Қазақстанның «КИНЭС» рекордтар кітабына енген еді. Ал бұл жолғы айтулы көрсеткіш  оның жетістігін халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Оның бұл  нәтижесі енді мәртебелі «World Book of Records» әлемдік рекордтар кітабына ресми түрде енгізілмек.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар