Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Әйгілі жапондық хирург отандық дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізді

Аты әлемге әйгілі жапондық хирург астаналық әріптестерімен тәжірибе бөлісуге келді. Атсуюки Яматака урологиялық дертке шалдыққан астаналық бүлдіршіндерге үш күн бойы ота жасамақшы. Алғашқы болып шетелдік маманның шарапатын алты жасар бала көрді. Мұндай отаны бірінші рет көрген отандық хирургтер де таңғалды.

ДИНАТ ҚОЖЕКЕНОВ, №2 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол бізге көп нәрсені үйретті. Негізі балалардың ағзалары өте кішкентай болғандықтан, әр ота аса ыждағаттылықты талап етеді. Біз шетелдік қонағымызға әдейі күрделі пациенттерді дайындадық. Ол түсінікті де. Атақты профессордың тәсілін үйреніп, ертең осы ауруханада сондай операцияларды өзіміз жасайтын боламыз.

АТСУЮКИ ЯМАТАКА, ПРОФЕССОР, ТОКИО ХИРУРГИЯЛЫҚ КЛИНИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Әр сапарымда аурухананың жабдықталуы, хирургтердің біліктілігінің артып келе жатқанына куәмін. Сіздің дәрігерлеріңіздің де кәсіби деңгейі өте жоғары деп айта аламын. Бірақ медицина бір орында тұрмайды ғой, сондықтан өз тәжірибемнен алған сабақтарымды жастарға үйретіп жатырмын.

Жапондық хирургтің әр сапары дәрігерлерге де, пациенттерге де тиімді. Науқастар ем іздеп шетелді шарламайды, ал отандық дәрігерлер өз біліктілігін көтереді.

Гүлмира Саулебекова

← Барлық жаңалықтар