Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Балалар мінген автобус қиын жағдайға ұшырады

Қонаев қаласында жолаушылар автобусы балшыққа батып қалды.

Қонаев қаласында қоғамдық көлік келеңсіз жағдайға тап болды. Демалыс орнынан шыққан жолаушылар автобусы қайтар жолда балшыққа батып, діттеген жеріне жете алмай қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, салонда 27 адам отырған, оның 18-і бала. Құтқарушылар қоғамдық көлікті қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Рахмет мына ТЖ қызметкерлеріне. Түнде батып қалып едік. Келіп шығарып, қызметтерін жақсы атқарып жатыр. Үлкен алғысымызды айтамыз.

← Барлық жаңалықтар