Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды аман алып қалды. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары суға шомыламын деп батып кете жаздаған тұрғындарды жағаға алып шықты. «Мынаның ішіне кіріп, ағып, мына жақтан шыққан қыздар. Ана жерден қыздарды құтқарып алдық», – деді оқиға орнындағы полицей. Құтқарылған қыздарға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Полиция тұрғындарға суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Бердібек Қарынбай