Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Батутты жел аударып, екі бала жерге құлады

Таразда батутты жел аударып, екі бала жерге құлады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі балалардың денсаулығына зиян келмегенін анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, батут небәрі екі сағат бұрын орнатылған көрінеді. Кәсіпкер автотұрақты жалға алғанымен, аттракционды орналастыру үшін тиісті рұқсаты болмапты. Заңсыз нысан иесі әкімшілік жазаға тартылды.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Сонымен қатар автокөлік тұрағының иесіне тұрақты нысанды нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына байланысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шара қолдану үшін Тараз қаласы әкімдігінің Жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныс жолданды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы орган тарапынан зерделеу жұмыстарына сәйкес қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылданатын болады.

← Барлық жаңалықтар